NBA тарихындағы аты аңызға айналған ойыншы қайтыс болды

1 тамыз, 2022 / taulik
ашық дереккөзі
NBA тарихындағы аты аңызға айналған ойыншы қайтыс болды

"Бостон Селтикстің" аты аңызға айналған орта шептегі ойыншысы Билл Расселл 88 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Taulik.kz сайты.

Бұл туралы  Чемпионат.сом басылымы мәлімдеген.

Расселл - НБА тарихындағы ең атақты ойыншы. Оның есебінде 13 маусымдағы 11 чемпиондық атағы бар.

Расселл "Бостон" құрамында өнер көрсетті. 11 атақтан басқа, ол бес рет лига MVP-і және 11 рет НБА жұлдыздарының матчіне қатысты.

"Біз бұл хабарды Биллдің барлық досына, жанкүйері мен ізбасарына жеткізгіміз: Билл Расселл, америкалық спорт тарихындағы ең атақты жеңімпаз, бүгін 88 жасында қайтыс болды, жанында әйелі Жаннин болды", - делінген баскетболшының Twitter-парақшасында.