Жаңалықтар

Кентауда 3 қабатты үй өртеніп, 50 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Кентауда 3 қабатты үй өртеніп, 50 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Эвакуацияланғандар арасында 10 бала болды. Зардап шеккендер тіркелген жоқ, деп хабарлайды taulik.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 1 сәуір  күні сағат 22.00-де 101 пультіне Кентау қаласындағы 3 қабатты тұрғын үйдің шатырынан өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖД күштері мен құралдары жіберілді. Өрттің ауданы 4 шаршы метрді құрайды. Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен жеке құрамынан 10 адам мен 4 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер өртті сөндіру және адамдарды қауіпсіз орынға эвакуациялау жұмыстарымен айналысты.
Оқиға орнынан 50 адам, оның ішінде 10 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Өрт сағат 22.11-де оқшауланып, сағат 22.30-да сөндірілді. Зардап шеккендер  жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен материалдық шығыны анықталуда, - делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарламасында.
Түркістан облысы ТЖД азаматтардан мына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға кеңес береді: - ашық отты қолданбаңыздар; - балкондарда жанғыш материалдарды, ескі жиһаздарды, макулатураларды және отқа себепкер болатын басқа заттарды сақтамау керек; - пәтерден шыққан кезде әрқашан балкондардың терезелері мен есіктерін жабыңыз, оларға кішкентай балалардың кіруін шектеңіздер; - балконда алғашқы өрт сөндіру құралдарын сақтаңыздар; - мүмкіндігінше балкондар мен лоджияларды каптап тастаңыз, терезелерді ашық қараусыз қалдырмаңыздар; - балкондар мен лоджиялардан темекі тұқылдарын тастамаңыздар. Күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау өртті болдырмауға мүмкіндік береді. Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірлері бойынша хабарлаңыздар.