Жаңалықтар

АҚШ-та болған торнадо 18 адамның өмірін жалмап кетті

АҚШ-та болған торнадо 18 адамның өмірін жалмап кетті

АҚШ-та оңтүстік пен орталық батысына келген торнадодан 18 адам қаза тапты, үйлер мен сауда орталықтары зақымдалды, деп хабарлайды taulik.kz  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері қаза тапқандарды есептеп, торнадоның салдарынан болған шығындарды тексеруде. Алабама, Иллинойс, Индиана және Арканзаста адамдар қаза тапты. Көптеген аудандарда жарық жоқ, жолдарды үйінділер басып қалған. Иллинойс штаты Белвидерде торнадо кезінде рок-концерт өтуі тиіс "Аполлон" театрының шатырын ұшырып әкеткен. Бір адам қаза тауып, 28-і жарақат алды, оның бесеуі - ауыр халде жатыр. Дерек бойынша, Арканзаста 90 мың тұрғын жарықсыз отыр.