Жаңалықтар

Қазақстанда есірткі көп қолданатын аймақ анықталды

Қазақстанда есірткі көп қолданатын аймақ анықталды

Денсаулық сақтау министрлігі есірткі қолданатын қазақстандықтар туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды taulik.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
2023 жылдың 1 наурыздағы жағдай бойынша есірткі қолданудан туындаған психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар адамдардың саны 18 216. Ал кәмелетке толмаған жасөспірім саны 99 адамды құрайды.
Бұл көрсеткіш: 2020 жылы – 20259 адам; 2021 жыл – 18689 адам; 2022 жыл – 18085 адамды құраған. Сондай-ақ департамент 2022 жылы тәулік бойы жұмыс істейтін стационарда нашақорлықпен ауыратын 5089 науқас емделіп шыққанын, оның 4707-сі ерікті емдеу бөлімшелерінде екенін хабарлады. Денсаулық сақтау министрлігінің 2023 жылдың 1 наурызына дейінгі мәліметі бойынша 6455 адам апиынның барлық түрлерін жиі пайдалананған. Министрліктің мәліметінше, динамикалық бақылауға алынған адамдардың көпшілігі Павлодар облысында тіркелген.
2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша ол 100 мың халыққа шаққанда 256,2 мың адамды құрады, – деді ведомство өкілі.
Жынысы бойынша «Есірткі заттарды қолданудан туындаған психикалық мінез-құлық бұзылыстары» диагнозымен динамикалық бақылауға алынғандардың арасында ерлердің саны 16 713, әйелдердің саны 1 503 құрайды. Психоактивті заттардың уытты әсерінен қайтыс болғандар саны келесідей: 2020 жылы 72 жағдай – 65 ер, 7 әйел; 2021 жылы – 74 жағдай – 57 ер, 16 әйел, 1 кәмелетке толмаған бала; 2022 жылы – 87 жағдай – 78 ер, 9 әйел.