Тегін таратылған азық-түлік үшін төбелес болып, 12 адам қаза тапты
Тегін таратылған азық-түлік үшін төбелес болып, 12 адам қаза тапты
Пәкістанның оңтүстігіндегі Карачи порттық қаласында тегін азық-түлік тарату кезінде төбелес болып, 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай қасиетті Рамазан айының құрметіне қайырымдылық шарасын ұйымдастырмақ болған фабрикалардың бірінде адамдар азық-түлікке «асыға бастағанда» болған.
Полицияның мәліметінше, төбелес кезінде 40 пен 80 жас аралығындағы тоғыз әйел мен 10 мен 15 жас аралығындағы үш бала қаза тапқан.
Зауыт директорын қосқанда сегіз адам қамауға алынды. Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, жиналған жұртты үрей билеп, кейбір әйелдер мен балалар ашық канализацияға түсіп кеткен.
«Зауыт басшылығы зауыттың ішкі қақпасын ашпаған, көше тар болғандықтан, кезектің соңында тұрған адамдар қарт әйелдер мен балаларды итеріп жіберген», - дейді полиция.