Жаңалықтар

Қазақстандық гимнаст Әлем кубогі кезеңінің күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық гимнаст Әлем кубогі кезеңінің күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық Эльжана Таниева Болгария астанасы София қаласында көркем гимнастикадан өткен әлем кубогі кезеңінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметінің хабарламасында қазақстандық гимнаст таспамен жаттығуда жүлдегерлер қатарынан көрінді. Э.Таниева 30.900 ұпай жинап, күміс медальға ие болды. Бұл бәсекеде өзбекстандық Тахмина Икромова чемпион атанса, қоланы бразилиялық Барбара Домингос иеленді. Сонымен қатар Э.Таниева ұршықпен жаттығудан бесінші орынға табан тіреді. Ал доппен жаттығуда үздік алтылыққа енді. Аталмыш әлем кубогі кезеңіне 28 елден 50-ге жуық гимнаст қатысып, бақ сынады.