Жаңалықтар

Желіде иттерді аяусыз атқан ер адамның видеосы тарады

Желіде иттерді аяусыз атқан ер адамның видеосы тарады

Желіде тараған бейнежазба кадрларынан ер адамның иттерді қарумен атып, кейін денелерін шұңқырға лақтырып жатқанын көруге болады. Видеода кадр сыртындағы дауыс өлген иттердің денелерін санап жатыр - олардың саны 18. Арасында тірі күшік пен овчарка иті де бар болып шықты деп хабарлайды taulik.kz skif.news сайтына сілтеме жасап.
“Біз мұнда жануарлардың барлығын емдеп, оларды құтқаруға тырысып жатсақ, олар келіп иттерді өлтіріп жатыр. Тірілерін көлікке артып, күлге апарып тастайды. Мұнда не болып жатыр өзі?!", - дейді зооқорғаушы.
Желіде қазақстандықтар видеоға наразы пікірлер қалдыруда. Олар шенеуніктердің бұл оқиғаға назар аударуын сұрайды. Айта кетейік, Қазақстанда қаңғыбас иттерді атуға тыйым салынған. Заң бойынша оларды ұстап, чиптеп, зарарсыздандыру керек.