Қандай адамдар ұйықтап жатып өліп кетуі мүмкін?
Қандай адамдар ұйықтап жатып өліп кетуі мүмкін?
Ишемиялық инсультпен жүрек ырғағының бұзылуы және қан қысымының төмендеуі өлімге әкеледі, деп жазады Taulik.kz massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұйқы кезінде бұзылған жүрек ырғағы да өкпе эмболиясын тудыруы мүмкін. Бұл дегеніміз қан ұйып өкпе тамырын бітеп тастайды. Дәрігер түсіндіргендей, бұл әдетте тамырлардың атеросклерозы немесе варикозды веналарда қан ұйығыштары бар адамдарда кездеседі.
Кардиолог Валентина Байдина ұйқыдағы өлімнің жалпы себептері - инфаркт пен жүректің тоқтауы екенін айтады. Олар жүрек соғу жиілігінің күрт төмендеуі кезінде пайда болады.
Терапевт-кардиолог Светлана Мартынованың айтуынша, инсульттің қауіпті кезі таңғы сағат 4-тен 6-ға дейін, ал инфаркттың шыңы 6-мен 9-дың арасы.
Гипертония оянғаннан кейін бірден қауіпті. Ауру көбінесе таңғы сағат 6-дан 10-ға дейін тіркеледі.