Үкіметке тағы да жаңа министрлер келді
Үкіметке тағы да жаңа министрлер келді
Мемлекет басшысының Жарлығымен министлер тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі хабарлады деп жазды Taulik.kz
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі лауазымына Әлібек Сакенұлы Қуантыров тағайындалды.
Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі болса, Әділет министрі қызметіне Азамат Несіпбайұлы Есқараев сайланды.
Сонымен қатар Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметіне Марат Кәрімжанұлы Қарабаев, Ажар Ғиният Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымына келді.