Әскерде сарбаздың суицидке баруына не себеп?
Әскерде сарбаздың суицидке баруына не себеп?
ҚР Қорғаныс министрлігі әскерде жас сарбаздардың өз-өзіне қол салуына қатысты мәселеге түсініктеме берді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
«Сарбаздардың өз-өзіне қол салуының себебі тәрбиеге, тұқымқуалайтын бейімділікке және әскери міндетін өтеушінің жеке психологиялық ерекшеліктеріне байланысты болуы мүмкін», - делінген министрлік хабарламасында.
Сонымен қатар аталған ведомство армия сапына жас арбаздар өмірге көзқарасы толық қалыптаспаған кезде шақырылатынын айтып өтті.
«Әскерге дүниетанымы, тәрбиесі және өмірге деген көзқарасы толық қалыптаспаған жастар шақырылады. Одан бөлек әскерде, шынын айтқанда, педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған жас жігіттер кездеседі. Бір жыл ішінде оларды қайта тәрбиелеу қаншалықты қиын екенін ойлап көріңіз», - дейді олар.