Жаңалықтар

Нұрлан имам хиджаб киген шоу-бизнес өкілдеріне қатысты пікір білдірді

Нұрлан имам хиджаб киген шоу-бизнес өкілдеріне қатысты пікір білдірді

Нұрлан имам Байжігітұлы Динара Сәтжанға берген сұхбатында хиджаб киген шоу-бизнес өкілдеріне қатысты ойын айтты, деп жазады Taulik.kz.

"Бізде "хиджаб" деген сөз болмады. Бірақ орамал болды, кимешек киді. Оның үстіне, Қазақстанда аналарымыз ақ орамал таққан. Бізде көзіне дейін қап-қара етіп жабу, оны "никаб" дейді, болмаған. Ол біздің дәстүрге келмейді, біз ашық айтамыз. Кейбіріне ол ұнамай жүр. Қазақта бетін тұмшалау жоқ. Қазақ бетін тұмшаламаған. Қазақта орамал таққан, кимешек киген, ұзын етекті көйлек киген, қамзол киген, ұлттық нақыштағы, оюлы киім киген. Біз солай дараланғанбыз. Біз соған қайтып келуіміз керек. Бәріне қап-қара тағып алу - дұрыс нәрсе емес. Ол - еліктеу.

Дәстүрімізге келеміз. Бізде зиялы қауым бар, көзі ашық жандар бар. Бірақ қанша шығынмен түзелеміз - мәселе осында. Шоу-бизнестегі азаматшалар еліктемей, Құдайдан қорқып таққан болса, онда қолдаймыз", - дейді имам.