Жаңалықтар

Ауыз ашқаннан кейін темекі шегуге бола ма?

Ауыз ашқаннан кейін темекі шегуге бола ма?

Ораза кезінде ауыз ашқаннан кейін темекі тартуға бола ма? Ауыз ашық кезде тартылған темекі үшін қаза өтеле ме, бұл туралы Taulik.kz жазады massaget.kz-ке сілтеме жасап.
"Күндіз ауыз берік кезде темекі шегу – оразаны бұзады, әріберіден соң, шеккен адамның ішкі құмарлығын қанағаттандырушы ерекшелігіне қарап, Ханафи ғалымдары "кәффарат өтеуді керек етеді" деген.
Ауыз ашқаннан кейін тартқан жағдайда, күндіз ұстаған оразаңыз бұзылмайды, қаза немесе кәффарат керек емес. Алайда, ауыз ашқаннан кейін болса да, темекі тартқаны үшін оразаның сауабы кемуі мүмкін екенін ескерген жөн. Өйткені темекі дінімізде тыйым салынған. Оның харамдығы жөнінде ғалымдар арасында талас жоқ", - деді Islam.kz сарапшылары.