Жаңалықтар

Серік Күдебаевтің қай елге қашқаны анықталды

Серік Күдебаевтің қай елге қашқаны анықталды

КТК телеарнасы Серік Күдебаев ұсталған жағдайда, негізгі жазасынан бөлек, тағы 3 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенің хабарлады, деп жазады Taulik.kz. Қазір генерал Күдебаевтің Солтүстік Кипрде жүргені туралы ақпарат тарап жатыр. Ал онда ел мен Қазақстан арасында қылмыскерлерді экстрадициялау туралы келісім жоқ дейді заңгерлер.
«Израиль, Біріккен Араб Әмірліктері, Ұлыбритания, Косово және Солтүстік Кипрді жатқызуға болады. Себебі бұл мемлекеттермен екі жақты келісімшарттар жоқ. Олар бізге қылмыскерді ұстап беруге міндетті емес»,  – деді заңгер Бағдат Амандосұлы.
Сонымен қатар үй қамақта жүрген Күдебаевты көзден таса қылмай қадағалау керек болған қызметкерлерге де заң бойынша 7 жылға дейін жаза қарастырылған. Күні кеше сот генералдың 23 наурызда Қырғызстан арқылы Түркияға өтіп кеткенін анықтаған болатын. Ұлттық қауіпсіздік комитеті оның шекарадағы бақылау-өткізу пунктінің ешбірінен өтпегенін хабарлады. Қазір қашқын генералды іздеумен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен прокуратура айналысып жатыр.