Жаңалықтар

Ресей Финляндияның НАТО-ға кіруіне қатысты пікір білдірді

Ресей Финляндияның НАТО-ға кіруіне қатысты пікір білдірді

Жаңа елдердің НАТО-ға қосылуы Ресейдің қауіпсіздігіне қол сұғушылық болып саналады. Оны Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песков мәлімдегенін ТАСС агенттігі хабарлады, деп жазады Taulik.kz. Песков бұл оқиғаны "жағдайдың тағы бір шиеленісі" деп атады.
"НАТО-ның кеңеюі – бұл біздің қауіпсіздігімізге және Ресей Федерациясының ұлттық мүдделеріне қол сұғу, біз бұл туралы айттық және оны осылай қабылдаймыз",  – деді ол.
Президенттің баспасөз хатшысы бұл жағдай Украинадан айтарлықтай ерекшеленетінін атап өтті, өйткені Финляндия "ешқашан Ресейге қарсы болған емес". Айта кетсек, 4 сәуірде Финляндия ресми түрде НАТО-ға мүше болды. Финляндия президенті Саули Ниинистё Twitter-де Литва президенті Гитанас Науседаның құттықтауын жариялады. Құжатқа қол қойғаннан кейін НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг пен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен ортақ мәлімдеме жасады. Столтенберг Финляндияның НАТО-ға қосылған күні ерекше екенін атап өтті. Еске салайық, НАТО 1949 жылдың 4 сәуірінде құрылған. Ұйымға 31 ел ресми мүше.