Жаңалықтар

Путин Қазақстанға келсе, қамауға алына ма? - СІМ жауабы

Путин Қазақстанға келсе, қамауға алына ма? - СІМ жауабы

Халықаралық қылмыстық сот Ресей президенті Владимир Путинді тұтқындауға ордер бергеннен кейін Рим статутына қол қойған мемлекеттердің өкілдері оны қамауға алатындарын мәлімдеді, деп хабарлайды taulik.kz Халық үніне сілтеме жасап. Ал «Путин Қазақстанға келсе, қамауға алына ма?» деген сұраққа Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров жауап берді.
Владимир Путин Қазақстанға келесі сапары кезінде қамауға алынбайды. Біз Рим статутына қол қойған жоқпыз. Келісімді ратификациялаған да емеспіз. Жарғы Қазақстанға қатысты емес. Біздің жарғы бойынша міндетіміз жоқ, – деді ол.
Еске сала кетсек, Халықаралық қылмыстық сот 17 наурызда Путинді қамауға алуға ордер берген болатын.