Ресей дінаралық қақтығыстың алдында тұр
Ресей дінаралық қақтығыстың алдында тұр
Ресей дінаралық қақтығыстың алдында тұр, деп хабарлайды taulik.kz dalainside-қа сілтеме жасап.
Бір мешіт үшін Кавказ бөлініп кетуі мүмкін. Мәскеуде салынуы тиіс ең үлкен мешіттің құрылысына Косино-Ухтомское ауданының орыс тұрғындары қарсы шығып, құрылысты тоқтатып тастады. Олар бұл жерде православтар үшін қасиетті көл бар екенін алға тартады. Және алып мешіт арғы бетте тұрған шағын шіркеуді көлегейлеп, басып тастауы мүмкін.
Бұл Мәскеу тұрғындарының 30 пайызын құрайтын мұсылмандардың да өре түрегелуіне алып келді. Әсіресе Кавказ өкілдері, ММА, UFC жекпе-жекшілері жақтастарын жинай бастаған. Шешенстан президенті Рамзан Қадыров та үн қатып, мешіт құрылысына қарсы жергілікті орыстарды Украинадағы соғысқа жіберу керек деп мәлімдеді.
Екі тарап та принципиалды позиция ұстап отыр. ММА-дағы орыс жекпе-жекшілері мешіт салғызбаймыз десе, Кавказ палуандары мешіттің бой көтеруіне ешкім кедергі бола алмайды деді. Орыстар сол жерге күнде жиналып, кетпей тұр. Мәселеге Ресей президенті Путин араласады деп күтіледі.
Негізі, осындай тұрмыстық даудан басталған дүниелер алып империялардың ыдырауына әкеліп соғады. Кавказға Ресей туынан көрі Ислам туы жақын екені білініп отыр. Олар "Егер дінімізді сыйламаса, Ресей үшін неменеге Украинада қан төгіп жүрміз?" деген сұрақтар қоя бастады.