Павлодарда «жалаңаш жүрген» 31 жастағы тұрғын ұсталды (ВИДЕО)
Павлодарда «жалаңаш жүрген» 31 жастағы тұрғын ұсталды (ВИДЕО)
5 сәуір сағат 17:30 шамасында Павлодардың Лермонтов көшесінде жалаңаш жүрген 31 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды taulik.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Әрі қарай ер адам полиция бөліміне жеткізілді. Ол өз әрекетінің себептерін түсіндіре алмады.
Осы факті бойынша ер адамға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.