Зайытов Петропавл, Павлодар атауын өзгертуді қандай жағдайда қолдайтынын айтты
Зайытов Петропавл, Павлодар атауын өзгертуді қандай жағдайда қолдайтынын айтты
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Петропавл мен Павлодар қалаларының атауын өзгертуді қандай жағдайда қолдайтынын айтты, деп хабарлайды Taulik.kz.
«Біз 20 жылдан бері Петропавл және Павлодар қалаларының атауы жөнінде өз ойымызды айтып жүрміз. Еліміздің заңнамасында жергілікті халық пен мәслихаттың талабы қажет дейді.
Мен екі қолыммен қолдаймын, егер жергілікті халық осы бастаманы көтеретін болса, тиісті қол жинаса барынша қолдаймын», - деді депутат.