БҚО-да жасөспірім әкесін көлікпен басып кеткен
БҚО-да жасөспірім әкесін көлікпен басып кеткен
Батыс Қазақстан облысында өз үйінің ауласында жүк көлігін жөндеген жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды taulik.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
БҚО Полиция департаментінің өкілі, полиция майоры Дариға Мәжитованың айтуынша, оқиға 4 сәуір күні шамамен сағат 16.40-та Ақсай қаласы Балдырған көшесінде болды.
1976 жылғы жүргізуші үйінің ауласында өзінің «Газ САЗ 35071» (самосвал) көлігін жөндеген. Тежегіштің сұйықтығын ағызу кезінде ол көліктің астында жатып, кәмелетке толмаған 2009 жылғы ұлына кабинаға отырып, машинаны оталдырып, тежегішті басып, өзіне көмектесуін өтінген.
Бұл кезде беріліс қорабы қосулы болған автокөлік өздігінен алға жүріп, ер адамды басып кеткен. Жарақат алған ер адам аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес тіркелді.