«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды
«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды
Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, – деп хабарлайды taulik.kz сайты.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 6 сәуірдегі хабарламасына сәйкес, соттың қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды. Қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде Д.-ның қамауда ұстау мерзімін тағы 2 айға (2023 жылғы 7 маусымға дейін) ұзартуға санкция берілді, – деп хабарлайды Алматы қаласының соты.Еске сала кетсек, Арман Жұмагелдиевтің ұсталғаны 7 қаңтарда белгілі болған еді. Бес адамнан тұратын қылмыстық топ Алматыда арнайы операция барысында ұсталған.