Жаңалықтар

Жигули Дайрабаевтың екі ұлына қатысты сот үкімі шықты

Жигули Дайрабаевтың екі ұлына қатысты сот үкімі шықты

Жигули Дайрабаевтың екі ұлына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды taulik.kz. Halyq-uni.kz хабарлауынша, Марат Дайрабаев пен Дидар Молдақалықтың мүлкі тәркіленіп, кез келген меншік нысанындағы ұйымдарда басшылық лауазымды атқару құқығынан айырылды. Екеуі де 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Ерлан Күлекеев 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Елжан Елібай 5 жылға сотталды. Алаяқтық, яғни адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау, сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену бойынша айыпталған 4 тұлғаға қатысты қылмыстық іс сотта қаралды. Олар субсидияны ұрлау арқылы мемлекетке 550 млн теңге шығын келтірген.