Жаңалықтар

Тағы бір сала қызметкерлерінің жалақысы өседі

Тағы бір сала қызметкерлерінің жалақысы өседі

Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген Үкімет қаулысында елімізде медицина қызметкерлерінің жалақысы өсетіні жарияланды. Бұл туралы хабарлайды Taulik.kz. Құжатта көрсетілгендей, енді медицина және фармацевтика қызметкерлерінің лауазымды айлық мөлшері мына түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады: – Біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандарға (А блогының басқарушы персоналы, В1, В2 блогының негізгі персоналы): 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3,42 мөлшерінде; – Біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі мамандарға (В3, В4 блогының негізгі персоналы): 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2,34 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады. Құжат 19 сәуірге дейін көпшілік талқысында болады.