СҚО-да бір үйден 3 адамның мәйіті табылды
СҚО-да бір үйден 3 адамның мәйіті табылды
Солтүстік Қазақстан облысы Новоселовка ауылында бір үйден үш адамның мәйіті табылды. Осы үйдің төртінші тұрғыны ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Taulik.kz СҚО Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Басқарма бастығының орынбасары Дмитрий Растихиннің айтуынша, 6 сәуір күні Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоселовка елді мекенінде туыстары өз үйінен үш адамның мәйітін тапқан. Төртіншісі ауыр халде аудандық ауруханаға жеткізілді.
Тұрғындар пешті ерте жауып, улы газдан иіс тиіп мерт болған деген болжам бар. Қаза тапқан екі әйелдің біреуі – 57 жаста, екіншісі – 35-те және үй иесі ер адам 62 жаста болған.
«Өңірде жылыту маусымы 20 сәуірге дейін созылады. Бірақ ауа райына байланысты жеке үй тұрғындарының маусым айында да пеш жағатын кездері бар. Сондықтан пештің дұрыстығын және мұржасының толып қалмауын үнемі бақылап отырған жөн. Өйткені өрт оқиғаларының 77% – осы жеке секторға тиесілі», – деді Дмитрий Растихин.