Өскемен іргесіндегі Лесхоз тұрғындары шошқа фермасына қарсылық білдірді
Өскемен іргесіндегі Лесхоз тұрғындары шошқа фермасына қарсылық білдірді
Елдімекеннен 400 метр жерде, жотаның үстінде бірнеше шошқа қоралары орналасқан. Тұрғындардың айтуынша, ішінде шамамен сегіз мың бас шошқа бар, деп хабарлайды taulik.kz.
Журналист Дарын Нұрсапаповтың айтуынша, маңайдағы иіс халықтың әбден мазасын алған. Жазда күн ысығанда маңайынан өту тіпті мүмкін емес дейді, деп жазады ulysmedia.kz.
"Бірнеше ай бұрын ғана сот шешімімен шошқа фермасының жұмысы тоқтатылыпты. Бірақ қораның іші сол күйі қорсылдаққа толып тұр. Ештеңе өзгермеген. Ашуланған халық жағдайды көрсету үшін журналисттерді шақырған. Сонда заң нашар ма, әлде шошқа фермасының иесі Борис Митин мықты ма?" - деп жазады журналист.