Павлодар облысында қырғызстандық азамат жоғалып кетті
Павлодар облысында қырғызстандық азамат жоғалып кетті
Павлодар облысында Қырғызстан азаматы жоғалып кетті, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
Қазақпарат хабарлауынша, Павлодарда із-түзсіз жоғалғандардың толқыны тағы да пайда болды. Бірнеше ер адамның қайда екені белгісіз. Олар әртүрлі уақытта жоғалып кеткен.
Солардың бірі Қырғызстан азаматы Сыражидин Уулу. Ол 21 наурыздан бері іздеуде болған. Бұл күні Заря ауылындағы шаруа қожалығынан шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған, содан бері ол туралы ешқандай мәлімет жоқ.
«Адам тек ана тілінде сөйлейді, орыс тілін жақсы түсінбейді. Ол қара қоңыр камуфляж, қара брезент етік және қара тоқыма қалпақ киген», - дейді еріктілер.23 наурызда із-түзсіз жоғалған Илья Сағайдақты іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Туыстарынан өтініш түскен бойда іздеу басталды. Ер адам сұр түсті күрте, қара джинсы шалбар, қара кроссовка киген. Юрий Мирау 26 наурызда Қамзина көшесі, 98-үйден шығып, із-түссіз жоғалып кеткен. Бір күн бұрын белгісіз себептермен өзі тұратын пәтерден біраз уақытқа шығарылған. Болжамдарға сәйкес, ол көк күрте, көк джинсы және қара қалпақта болуы мүмкін. Ер адамдардың жүрген жерін білетін облыс тұрғындарынан +7 (747) 615 55 63 (Катерина), +7 (777) 334 82 01 (Светлана) телефондары арқылы хабарлауын сұрайды.