Екі жасында сахнада домбырамен ән салған бүлдіршін жұртты тәнті етті (ВИДЕО)
Екі жасында сахнада домбырамен ән салған бүлдіршін жұртты тәнті етті (ВИДЕО)
Желіде көпшілік алдында домбырамен ән салған кішкентай баланың бейнежазбасы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды taulik.kz sn.kz-ке сілтеме жасап.
Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеодан кіп-кішкентай бүлдіршіннің сахна төрінде домбырамен ән шырқағанын көресіз. Ән әуеніне домбыраны үйлестіре шертіп отырғанын да байқауға болады.Бейнежазбада бұл жағдайдың Қытайда болғаны жазылған. Яғни бүлдіршін 2 жасында көпшілікті өз өнерімен тәнті еткен. Желідегі жұрт та баланың әуезді әніне «Қазақ болған түріңнен, әніңнен, домбыра тартқан қолыңнан айналдым», «Қазақтай ұлт әлемде жоқ», «Ботақанға сәттілік! Тіл көзден аман болсын», «Бәрекелді сары алтын ботақан, көп жаса», - деп жылы тілектерін білдірді.