Аялдамадан қалып қойған тұрғын жүргізушіні өлтірмек болды (ВИДЕО)

10 сәуір, 2023 / taulik
ашық дереккөзі
Аялдамадан қалып қойған тұрғын жүргізушіні өлтірмек болды (ВИДЕО) Петропавлда жолаушы қоғамдық автобус жүргізушісіне шабуыл жасап, буындырып өлтірмекші болды, деп хабарлайды taulik.kz. ZTB хабарлауынша, жолаушы аялдамадан қалып қойып, жүргізушіні кінәлаған. Оқиғаның куәгері зорлық көрсеткен азаматты салоннан алып шықпақ болған. Полицейлер 67 жастағы жергілікті тұрғынның ұсталғанын хабарлады. Іс «бұзақылық» бабы бойынша тергеліп жатыр.