Жаңалықтар

Алматыда көлікке ит байлап жүргізген қылмыскерге іс қозғалды

Алматыда көлікке ит байлап жүргізген қылмыскерге іс қозғалды

Алматы облысының полицейлері жол бойында көлікке байлап итті сүйреп келе жатқан жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. ҚазАқпарат жазуынша, желіде куәгерлердің көлік артынан жүгіріп бара жатқан итті түсіріп алған видеосы пайда болған. Жазба авторының айтуынша, жүргізуші сағатына 60 шақырым жылдамдықпен келе жатқан. Оның айтуынша иттің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Алматы облысының полиция департаменті Талғар ауданының полиция бөлімі 316-бап «Жануарларға қатігездік көрсету» бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.
«Сотқа дейінгі тергеу жоғарыда аталған бөлімше қызметкерлеріне жүктелді. Құқық бұзушы 1987 жылғы азамат Ж. Қазіргі уақытта оның қатысуымен қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», - деді Алматы облысы ПД басшысы Бауыржан Әленов.