Қазақстандық спортшы Азия чемпионатынан алтын жүлде алды
Қазақстандық спортшы Азия чемпионатынан алтын жүлде алды
Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатынан грек-рим күрес шебері Ибрагим Магомадов алтын медаль алды, деп хабарлайды Taulik.kz.
Қазақстандық балуан шешуші межеде Иран спортшысы Саид Әли Именталабфуманимен бірге боз кілемге шықты. Есеп 5:2. Осылайша Ибрагим Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальды салды.
Сондай-ақ ел құрамасынан Ернұр Фидахметов (60 келі), Олжас Сырлыбай (97 келі) қола жүлдеге таласады.
Еске салайық, грек-рим күресінен жарыстың алғашқы күнінде Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) күміс жүлдегер болса, Аманғали Бекболатов (55 келі) пен Мұхамедалі Мамырбек (63 келі), Әлімхан Сыздықов (130 келі) қола жүлде алды.