Жаңалықтар

Жаңа министр ант берді

Жаңа министр ант берді

Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ант берді, деп хабарлайды Taulik.kz.
"Қазақстан халқы мен Президентінің алдында бар күш-жігерім мен білімімді Отанымның гүлденуі жолында жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай сақтауға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін", - деді Алмасадам Сәтқалиев.
Еске салайық, 4 сәуір күні Алмасадам Сәтқалиев Энергетика министрі лауазымына тағайындалған болатын. Ол 2021 жылдың наурыз айынан «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған.