Ресейге жасырын он мың зымыран жөнелтпек болған ел белгілі болды
Ресейге жасырын он мың зымыран жөнелтпек болған ел белгілі болды
Египет Ресейге он мыңдаған зымырандарды жасырын түрде жіберуді жоспарлаған, деп хабарлайды taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылым жариялаған Пентагонның құпия құжаттарының бірінде Египет президенті Абдель Фаттах Ас-Сисидің Ресейге жөнелту үшін жасырын түрде 40 мыңға дейін зымыран шығаруды жоспарлағаны көрсетілген.
Discord-та жарияланған құжаттарға сәйкес, Мысырда Ресей Федерациясына зымыран жеткізу мәселесі ақпан айында талқыланған. Артиллериялық снарядтар мен мылтықтарды жеткізу мүмкіндігі де қарастырылған.
The Washington Post-тың сұрауына берген түсініктемесінде Египет СІМ өкілі "елдің ұстанымы бастапқыда қақтығысқа араласпауға негізделгенін" атап өтіпті.
"Біз екі тарапты соғыс қимылдарын тоқтатуға және келіссөздер арқылы саяси шешімге келуге шақырамыз", – деді ол.Сонымен бірге АҚШ үкіметінің өкілі анонимділік шарттарымен әзірге мұндай жоспарларды жүзеге асыру туралы деректер жоқтығын хабарлаған. Басылым Египеттің АҚШ-пен ынтымақтастықты арттырып жатқанын еске салады. Атап айтқанда АҚШ ондаған жылдар бойы елге әскери көмек ретінде жыл сайын миллиард доллардан астам қаражат беріп келеді.
"Египет – Таяу Шығыстағы ең көне одақтастарымыздың бірі. Егер Сиси Украинаға қарсы қолдану мақсатында Ресей үшін жасырын түрде зымырандар шығаратыны рас болса, біз қарым-қатынасымызды байыпты түрде қайта қарауымыз керек", – деді сенатор Крис Мерфи.Құжаттарда айтылған Сисидің қатысуымен талқылау 1 ақпанда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Египет президентімен кездескеннен бірнеше күн өткен соң болған. Блинкен сапарынан кейін Египеттің Сыртқы істер министрі Самех Шукри Ресей басшыларымен келіссөздер жүргізу үшін Мәскеуге аттанған.