Жаңалықтар

Ана мен баланы өлтірген ер адам қылмысын мойындады

Ана мен баланы өлтірген ер адам қылмысын мойындады

Ақтөбеде бір отбасындағы үш адамды пышақтап кеткен күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды taulik.kz КТК арнасына сілтеме жасап. КТК арнасының мәлімдеуінше, 23 жастағы тұрғын қарақшылық жолмен пайда таппақ болған. Қандықол қарақшы осыдан екі апта бұрын балконның ашық тұрған терезесінен пәтерге кірген. Сол кезде ұйқысынан оянып кеткен 35 жастағы келіншек пен оның 16 жастағы ұлын пышақтап өлтірген. Ал 13 жастағы оқушы қыздың мойнын тілгілеп, бес рет пышақ сұққан. Қансырап жатқан қыз тәртіп сақшыларына хабарласып, көмек сұрап үлгеріпті. Сол кезде жансақтау бөліміне жеткізілген оқушының қазір беті бері қарап, палатаға шығарылды. Ал күдікті қылмысын мойындаған. Тергеу жүріп жатыр.
«Қылмыс жасады деген күдікпен 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Жиналған дәлелдемелердің арқасында қылмысын мойындады. Күдікті қамауға алынды», – деді Ақтөбе облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Мұрат Ауғалиев.