ҰҚК төрағасының орынбасары лауазымына кімдер тағайындалды?

13 сәуір, 2023 / taulik
ашық дереккөзі
ҰҚК төрағасының орынбасары лауазымына кімдер тағайындалды? Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа орынбасарлар тағайындалды, деп хабарлайды taulik.kz Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысының өкімімен: Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды; Асхат Қалмағамбетұлы Төлеуов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Экономикалық қауіпсіздік қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.