Үш жасар бала 9-қабаттан құлап көз жұмды
Үш жасар бала 9-қабаттан құлап көз жұмды
Павлодарда үш жасар бала 9-қабаттан құлап кеткен. Өкінішке қарай, биіктен құлаған баланы құтқару мүмкін болмады, деп хабарлайды taulik.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Павлодар облысы жедел жәрдем станциясының хабарлауынша, бала көпқабатты тұрғын үйдің 9-қабатынан құлаған.
«Баланың терезеден құлауы туралы шақырту сағат 18:32-де келіп түсті. Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына 3 минутта жетті", - делінген хабарламада.Жедел жәрдем қызметкерлері баланың мерт болғанын хабарлады.