Астана әуежайы маңында өрт шықты (ВИДЕО)

13 сәуір, 2023 / taulik
ашық дереккөзі
Астана әуежайы маңында өрт шықты (ВИДЕО) Астана әуежайы маңында өрт шықты, деп хабарлайды Taulik.kz. Бұл туралы жедел ақпаратты қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметі таратты. 13 cәуір күні 12:28-де өрт сөндірушілер әуежай маңында өртенген құрғақ шөп пен қамысты сөндірген. Өрттің жалпы ауданы – 1 гектарды құрады. Қазір оқиға орнында қалалық ТЖД-ның 14 қызметкері мен 3 техникасы жұмыс істеп жатыр.