Жаңалықтар

БҚО тұрғыны 10 күнде 139 рет жол ережесін бұзған

БҚО тұрғыны 10 күнде 139 рет жол ережесін бұзған

БҚО тұрғыны 10 күн ішінде 139 рет жылдамдық режимін бұзған. Айыппұлдың жалпы сомасы 4 млн теңгені құрады, деп хабарлайды taulik.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Автокөліктің қазақстандық тіркеуі жоқ екенін пайдаланған жүргізуші жол қозғалысы ережелерін сақтамай қалада жылдамдықты барынша асырған. Ол  көлігін базалар бойынша есепке алмайды және жазадан оңтайлы құтылып кетемін деп ойлаған.

БҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері құқық бұзушыны ұстады. Белгілі болғандай, жүргізуші көлік құралын басқаруға құқығы болмаған.

Автокөлік  арнайы тұраққа қойылды, енді жүргізуші қомақты айыппұлды төлеуге мәжбүр.