Жаңалықтар

Ресей мен Қазақстан шекарасында өрт шықты

Ресей мен Қазақстан шекарасында өрт шықты

Ресейдің Алтай өлкесі Михайловск ауданында тұтанған отты сөндіруге өрт сөндіру пойызы тартылды. Теміржол көлігі өрт сөндірушілерге 120 тонна су жеткізіп, арнайы техникаларды сумен қамтамасыз етеді. Бұл туралы Батыс-Сібір теміржолының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Taulik.kz.  13 сәуір күні сағат 13:30 шамасында Ключевск орман шаруашылығының өрт-бақылау мұнарасының кезекшісі Қазақстан аймағы маңынан түтін байқаған. Бұл туралы Алтай өлкесінің Табиғатты қорғау министрлігі мәлімдеді. Өрт Қазақстанмен шекаралас аймақта жалындап жатыр. Авиациялық орман күзетінің ақпаратына сәйкес, жалын 1 мың гектар аумақта оқшауландырылды. Өрт сөндірушілер оны 800 адам тұратын Бастан ауылынан 9 км жерден өшіре алды. Тілсіз жаумен күреске 82 маман, 42 техника, соның ішінде тікұшақ, 4 автоцистерна, 24 өрт сөндіру техникасы, 8 трактор жұмылдырылған. Өрттің сөндірілуіне жел кедергі келтіруде. Жалын үйлерге жақындаған жағдайда көмек көрсету үшін, құтқарушылар Бастан ауылына және таяу орналасқан өзге де елді мекендерге жеткізілді. Барлық тұрғындарға өрт қаупі туралы ескертілді.