Сирияда болған қазақстандық содырдың 7 жасар қызы елге қайтарылды
Сирияда болған қазақстандық содырдың 7 жасар қызы елге қайтарылды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы қазақстандық содырдың 7 жасар қызын Сириядан қайтарды, деп хабарлайды Taulik.kz cайты
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан азаматтарын Сириядағы террористік белсенділік аймақтарынан қайтаруды жалғастырды. 13 сәуір күні бұрынғы содырдың қызы Қазақстанға қайтарылды.
"Қыз баланың психологиялық жай-күйі қанағаттанарлық. Бүлдіршін медициналық тексеруден өтіп жатыр, оны бейімдеу және оңалту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақын арада ол туыстарына беріледі", - делінген хабарламада.Жалпы 2019 жылдан бастап ҰҚК террористік белсенділік аймақтарынан 518 кәмелетке толмаған баланы, оның ішінде 34 жетім баланы елімізге жеткізген.