Тоқаев қысқа мерзімді демалысқа шықты

2 тамыз, 2022 / taulik
ашық дереккөзі
Тоқаев қысқа мерзімді демалысқа шықты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қысқа мерзімді еңбек демалысына шықты, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент демалысын қайда өткізетіні айтылған жоқ. Былтыр Қ.Тоқаев шілде айында Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасының маңындағы демалыс аймағында демалған болатын.