Әлия Назарбаева мен Қайрат Сатыбалды 2 мың гектар жерінен айырылды
Әлия Назарбаева мен Қайрат Сатыбалды 2 мың гектар жерінен айырылды
Әлия Назарбаева мен оның жиені Қайрат Сатыбалды Алматы маңында 2 мың гектар жерінен айырылды, деп хабарлайды taulik.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.
Алматы облысының прокуратурасы Өңірлік қадағалау органының Назарбаева мен Сатыбалды иелігіндегі жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтарғанын растады.
Аталған жалпы ауданы 2 мың га жер Алматы облысының Жамбыл және Қарасай аудандарында орналасқан.