Жаңалықтар

Түркістанда қызды өлтірді деген күдікпен 11-сынып оқушысы ұсталды

Түркістанда қызды өлтірді деген күдікпен 11-сынып оқушысы ұсталды

Түркістан облысының полицейлері 9 сәуірде Ордабасы ауданындағы суару каналынан мәйіті табылған қызды өлтірді деген күдіктіні анықтады, деп хабарлайды taulik.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Күдікті -11 сынып оқушысы. Ол полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынды», - делінген хабарламада.
Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Тергеу ісі Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.