Жаңалықтар

Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы қандай нәтиже көрсетті?

Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы қандай нәтиже көрсетті?

Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Азия чемпионатындағы Қазақстан құрамасының толық нәтижесі шықты. Бұл туралы Taulik.kz жазады. 9-14 сәуір аралығында Астана қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Азия чемпионаты өтті. Құрлық жарысында 22 мемлекеттің атынан 331 спортшы бақ сынады. Еркін күрестен: 🥇4 алтын – Санжар Досжан (70 кг), Дархан Есенғали (74 кг), Болат Сақаев (79 кг), Азамат Дәулетбеков (86 кг); 🥈2 күміс – Ризабек Айтмұқан (92 кг), Юсуп Батырмурзаев (125 кг); 🥉1 қола – Рахат Қалжан (57 кг). Жалпыкомандалық есепте – 1-орын. Әйелдер күресінен: 🥇2 алтын – Жәмилә Бақбергенова (72 кг), Эльмира Сыздықова (76 кг); 🥉3 қола – Марина Седнева (55 кг), Нилуфар Раймова (57 кг), Елена Шалыгина (68 кг). Грек-рим күресінен: 🥇1 алтын – Ибрагим Магомедов (72 кг); 🥈2 күміс – Диас Қален (82 кг), Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг); 🥉5 қола – Аманғали Бекболатов (55 кг), Мұхамедәли Мамырбек (63 кг), Алмат Кебіспаев (67 кг), Олжас Сырлыбай (97 кг), Әлімхан Сыздықов (130 кг).