Ұлттық құрам хоккейшілері Қазақстан азаматтығынан бас тартты
Ұлттық құрам хоккейшілері Қазақстан азаматтығынан бас тартты
Спорт журналисі Аслан Қаженов отандық хоккей әбден былыққа батқанын, күні кеше ұлттық құрамадағы үш бірдей спортшы Қазақстан азаматтығынан бас тартқанын жазады, деп хабарлайды taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Олар - Алексей Маклюков, Егор Петухов пен Антон Сагадеев.
“Тізім ары қарай да ұлғая түсуі мүмкін”, – дейді Қаженов.Екеуі Ресейден алдырған легионерлер. Біреуі Теміртаудың тумасы.
"Қазақстан азаматтығын алып тұрып, Ресей азаматтығынан бас тартпаған. Яғни қолында 2 паспорты болды. Бұндайға бізде заң бойынша рұқсат жоқ", - дейді ол.Журналист Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловқа мәселеге назар аударуды өтінеді.