Екібастұзда жұмысшылар Тоқаевқа үндеу жолдады
Екібастұзда жұмысшылар Тоқаевқа үндеу жолдады
Маңғыстау атом электр станциясының ондаған жұмысшысы президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа видео үндеу жасады. Олар кәсіпорын басшылығын өзгертуді, еңбек жағдайын жақсартуды талап етті, деп хабарлайды taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жұмысшылар МАЭК-тегі жабдықтың жағдайы өте төмен және ұзақ уақыт бойы жөндеу көрмегенін айтады. Жұмысшылар 80 пайызға дерлік ескірген жабдықта жұмыс істеуге мәжбүр."Қызметкерлердің жұмыс орындары санитарлық талаптарға сай емес - киім-кешек, аяқ киім жоқтың қасы. Тиісінше, бұл қызметкерлердің өміріне қауіп төндіреді", - делінген үндеуде.Сондай-ақ энергетиктер МАЭК Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысының тұрғындарын жылумен және жарықпен қамтамасыз етіп отырғанымен, зауыттағы жалақы 10 жылдан бері көтерілмегенін және қанағаттанарлықсыз деңгейде екенін жеткізді. МАЭК жұмысшылары шамамен 160 мың теңге алса, кәсіпорын басшылығы 1,5 миллион теңге алады.
"МАЭК - үздіксіз циклді кәсіпорын, ал қызметкерлердің кетуі өндірістік циклге әсер етеді. Қазір кәсіпорында кадр тапшылығы мәселесі бар. МАЭК - стратегиялық кәсіпорын. Оны өндіріске тікелей қатысы бар адамдар басқаруы керек. Бірақ кәсіпорынды ішкі істер министрлігінен экономист, қаржыгер және зейнеткер басқарады Сонымен бірге жаңа лауазымдар ашылып, жаңа басшылар қабылдануда. Осыған байланысты кәсіпорын екінші Екібастұзға айналудың аз-ақ алдында тұр. Біз бұған жол бермеуіміз керек, өйткені кәсіпорындағы жағдай мұнай секторындағы және жалпы ел экономикасындағы жағдайға әсер етуі мүмкін», - дейді жұмысшылар.