Екпе салдырған әйел жансақтау бөліміне түсті
Екпе салдырған әйел жансақтау бөліміне түсті
«Орталық ауруханада жатқан қызымның жағдайы нашарлай берген соң ақысын төлеп, палатада өзім бірге жаттым. Бірақ температурасы 39-40 градусқа көтеріліп, қызуы түспеді. Болмаған соң тіккен жердегі тігістерін шешті. Ондағылар неге шағымдана бересіздер, бастысы қызыңыз тірі қалды ғой деп өзіме ашуланды. Дәрігерлерден «Неге қайта-қайта аша бересіңдер? Ірің бар ма?» деп сұрағанымда тек ісік екен деген жауап алдым. Онда неге бірнеше ота жасайды бұлар?», - деді науқастың анасычТүркістан тұрғынының айтуынша, қызының дене қызуы 39-40 градус болғанына қарамастан, дәрігерлер үйіне бір аптаға жіберген көрінеді.
«Баларының қасына барып, бір апта демалып келсін. Мүмкін, сол кезде жағдайы жақсаратын шығар» деп маған тілхат жаздырып, қызымды ауруханадан шығарды. Үйге келген қызымның жағдайы одан сайын нашарлады. Қайта-қайта жедел жәрдем шақырдық. Бір апта өткен соң дәрігеріне хабарласқанымда «Қызыңызды ауруханадан сол кезде шығарып жібергенбіз. Бізден шыққан науқасты мен қарамаймын» деп айтты. Бұлар маған демалып келсін деп өтірік айтып, қызымды шығарып отыр», – деді анасы.Түркістан қалалық орталық ауруханасындағылар науқас 15 ақпан күні асқынған күйде жеткізілгенін растады. Келіп түскендегі диагнозы: бел аумақтағы оң жақ бөксенің іріңді-некротикалық флегмонасы, сепсис. Науқасқа тиісті емдік шаралары жүргізілген соң 13 наурыз күні үйіне шығарылған.
Ауруханадан шыққан әйел жақсармаған соң анасы мен әпкесі 23 наурызда Шымкентте орналасқан Түркістан облыстық-клиникалық ауруханаға алып келген. Бас дәрігердің орынбасары Мақсұт Аймағамбетовтің айтуынша, пациент ауыр жағдайда жеткізілген. Өздігінен жүріп-тұра алмаған. Операция жасалған кезде тілінген аумақты тіккен екен. 18 күн бойы үздіксіз ем қабылдаған науқас 10 сәуір күні жағдайы жақсарып, аяқтан тұрған соң үйіне шығарылыпты.
Ләззат Базарбаева сіңлісіне о баста егу бөлмесінде дәрі салған қызметкердің медбикелік білімі жоқ екені белгілі болды және ол санитариялық талаптарды сақтамаған деп отыр. Енді егу бөлмесі орналасқан дәріхана иеси науқастың анасына қайта-қайта хабарласып, типти 500 мың теңге ұсыныпты. Алайда төсек тартып жатқан келіншектің анасы ешкімге кешірім бермейтінін кесіп айтты.