Жаңалықтар

Жаңаөзенде жарылыс болды

Жаңаөзенде жарылыс болды

Жаңаөзен қаласында тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болып, 11 адам зардап шекті, деп хабарлайды taulik.kz  ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз мәліметінше, оқиға бүгін Астана уақытымен сағат 5:00 шамасында болған. Жаңаөзен қаласындағы 2-ші шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде газ жарылған. Оқиғаның салдарынан кіреберістің 150 шаршы метрі қираған. Өрт болған жоқ, (үйдің жалпы ауданы 600 ш.м.). Оқиға салдарынан 11 адам зардап шеккен, олар медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Болған оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.
«Оқиға орнын аршу жұмыстарына Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 50-ден астам құтқарушы, 10 техника, жедел медициналық көмек және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмылдырылды»,- делінген хабарламада.
Сондай-ақ Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінде жарылысқа байланысты жедел штаб құрылып, жедел желі телефоны іске қосылды. Тел: 8/7292/31-90-99.