Экс-министр Мұхамедиұлының ісіне қатысты сот басталды
Экс-министр Мұхамедиұлының ісіне қатысты сот басталды
Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы ісі бойынша сот басталды, деп хабарлайды taulik.kz Халық үніне сілтеме жасап.
Сотқа Арыстанбек Мұхамедиұлы онлайн форматта қатысты. Оған қаладағы қолайсыз ауа райы себеп болған.
Судьяның айтуынша, бұдан кейін Мұхамедиұлы сот залына жеткізіледі.
Айта кетейік, 2022 жылдың 28 мамырында сот санкциясымен Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынған. Ол бюджет ақшасын жымқырды деген күдікке ілінген еді.