Ақтөбеде жүргізуші оқушыны автокөлікпен қағып, оқиға орнынан қашып кетті (ВИДЕО)
Ақтөбеде жүргізуші оқушыны автокөлікпен қағып, оқиға орнынан қашып кетті (ВИДЕО)
14 сәуір сағат 22:40 шамасында Әбілқайыр хан даңғылы мен Пацаев көшесінің қиылысында Ваз-2114 автокөлігі бағдаршамның тыйым салу сигналына жолды өтіп, кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетіп, ЖКО болған жерден қашып кетті, деп хабарлайды Taulik.kz сайты polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Салдарынан 17 жастағы жасөспірім ауруханаға жеткізілді.
Полиция қызметкерлері іздеу іс-шараларын жүргізу барысында автокөлікті Әбілқайыр хан даңғылындағы көпқабатты үйдің ауласынан әйнегі, бампері, капоты зақымданған күйінде тапты. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды. Сондай-ақ көлік жүргізушісі анықталды, ол жүргізуші куәлігі жоқ 18 жастағы жас жігіт болып шықты.
ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жүргізуші 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.