Жаңалықтар

Сара Назарбаева күйеуінің тегінен бас тартқан

Сара Назарбаева күйеуінің тегінен бас тартқан

Қазақстанның экс-президентінің заңды некедегі әйелі Сара Алпысқызы Назарбаевтың тегінен бас тартты, деп хабарлайды Taulik.kz сайты nege.kz-ке сілтеме жасап.
«Нұрсұлтан Назарбаев пен Сара Назарбаеваның некесі бұзылғаны туралы ресми мәлімдемелер ешқашан болған емес. Ал Назарбаев қорының ресми сайттарында және тұңғыш президенттің nazarbayev.kz ресми сайтында Сара Алпысқызы әлі күнге дейін тұңғыш президенттің жұбайы екені туралы ақпарат көрсетілген. Алайда бірнеше жылдан бері жаңалықтардан Сара Назарбаева туралы ешқандай ақпарат шыққан жоқ. Оның көрінбей кеткеніне де біраз болды. Былтырдан бері Білім министрлігі оның «Өзін-өзі тану» пәнін міндетті мектеп бағдарламасынан алып тастап, факультатив ретінде қалдырған болатын. Өзін әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның құрамынан шығарып жіберген. Бизнес-тізілімдерге сәйкес, еліміздің экс-Бірінші ханымының «Сара Алпысқызы Назарбаева» атты жеке кәсіпкерлігі бар. Ал оның басшысы Қонақай Сара Алпысқызы деп көрсетілген», - делінген хабарламада. Назарбаевтың заңды некедегі әйелі 2005 және 2012 жылдар аралығында тегін өзгерткені атап өтіледі. «Қазақстан Халық Банкінің өмірді сақтандыру бойынша еншілес ұйымы «Halyk-Life» АҚ филиалында 2012 жылғы 4 ақпаннан бастап Қаржы министрлігінің қаржылық есептілік депозитарийінде солай тіркелген. 2005 жылы күйеу баласы Тимур Құлыбаев басқарған «Almex Holding Group» АҚ-ның 2005 жылғы 19 қыркүйектегі еншілес ұйымдарының тізімінде ол Назарбаева болып көрсетілген. «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушының Instagram желісіндегі парақшасы 2018 жылдың 15 сәуірінен бері жаңартылмаған, ол жерде оның фамилиясы Назарбаева деп жазылған. 82 жастағы Сара Алпысқызының Нұрсұлтан Назарбаевпен ортақ үш баласы бар: 59 жастағы Дариға, 43 жастағы Әлия Назарбаева және 55 жастағы Динара Құлыбаева», - делінген хабарламада.