Жаңалықтар

Астанада «Тәліптер елшілігі» ашыла ма – Сыртқы істер министрлігі не дейді 

Астанада «Тәліптер елшілігі» ашыла ма – Сыртқы істер министрлігі не дейді 

"Астанада «Тәліптер елшілігі» ашыла ма?"- бұл туралы Taulik.kz хабарлайды. Ulysmedia.kz жазуынша, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Астанадағы Ауғанстан елшілігін басып алуды жоспарлап отырған «Талибан» дипломаттары туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірген. Оның пікірінше, өкілдіктің болуы оларды «тану» дегенді білдірмейді. Ол сондай-ақ мұндай елшіліктер басқа елдерде, соның ішінде көршілерімізде де жұмыс істеп тұрғанын айтты. Айта кетейік, «Талибан» - Қазақстанда тыйым салынған террористік қозғалыс.